28/03/2024  Бейсенбі
Қарағанды облысының білім басқармасының

Тәттімбет атындағы
Қарағанды өнер колледжі

коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны

07.12.22 1

Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық халық аспаптар оркестрінің шаңырағы астында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Құрманғазы оркестрі ұйымдастырған Республикалық «Шертпе күй» дәстүрлі музыкалық фестивалі өтті.

Көпті елең еткізген байқауға Қазақстанның әр өңірінен жиналған 16 мен 35 жас аралығындағы шертпе күй дәстүрін меңгерген 45-ке жуық талантты домбырашылар жиналған.

Байқау 2 тур бойынша өтті. Қатысушылар дәстүрлі «шертпе» мектебі өкілдерінің 5 шығармасын және қатысушының таңдауы бойынша қазіргі заманғы композитордың бір күйін орындау. Қатысушылардың өнер көрсетуін бағалау, сондай-ақ қорытындылар шығару және жеңімпаздарды айқындау үшін дәстүрлі өнер саласындағы қайраткерлерден қазылар алқасының құрамы бекітілген. Атап айтқанда: Жанғали Жүзбай, Секен Тұрысбеков, Біләл Ысқақ, Мұрат Әбуғазы, Батыржан Мықтыбаев.

2022 жылдың 3 желтоқсан күні осы байқаудың қорытындысы бойынша Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжінің оқытушысы Сүлейменов Мадияр Өмірбекұлы бас жүлдені иемденді.

07.12.22 1 07.12.22 1 07.12.22 1